Каспий теңізіне белгісіз нысан құлады

22.04.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Видеодан алынған стоп-кадр

Маңғыстау облысында Құрық ауылы маңында Каспий теңізіне белгісіз нысанның құлағаны туралы ақпарат тарап жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, нысан жағалаудан байқалған, содан кейін елді мекеннен алыс жерде суға  түскен. 

Бұл не нысан болғаны туралы әзірге ресми расталған ақпарат жоқ.

Бұған дейін, 2025 жылғы 19 маусымда, Маңғыстаудың Қарақия ауданындағы «Болашақ» шекаралық теміржол станциясының маңында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) табылған болатын. Расталмаған ақпарат бойынша, бұл ұшу қашықтығы 1 000 - 2 000 шақырымды құрайтын ирандық өндірістің Arash-2 типті дроны.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 112 - Ақтау - Актау (@112_aktau)

Бүгін, 16:07

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью