Каспий теңізінің тартылып кету қаупі бар ма: Ғалымдар күтпеген болжам айтты

05.04.2026

Arasha.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Алдағы жылдары Каспий теңізінің деңгейі шамамен -29,3 метр деңгейінде тұрақталуы мүмкін. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының Су проблемалары институтының зертхана меңгерушісі, техникалық ғылымдар докторы Михаил Болгов РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ғалымның айтуынша, 1995 жылы Каспий теңізінің деңгейі -26,5 метрді құраған болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш -29,3 метрге дейін төмендеген.

"Қазіргі климаттық жағдайларды ескере отырып, алдағы жылдары теңіз деңгейі осы шамада тұрақталады деген қорытындыға келдік", – деді ол.

Сонымен қатар маман болжамдағы ауытқу ауқымы айтарлықтай үлкен екенін атап өтті.

"Күтілетін деңгей тербелісі едәуір кең, орташа квадраттық ауытқуы шамамен бір метрге жуық", – деді Болгов.

Оның сөзінше, жақын болашақта Каспий теңізі жойылып кетпейді. Соңғы 20 жыл бойы деңгейі төмендеген теңіз қазір белгілі бір тепе-теңдік жағдайына келген.

"Алдағы жылдары белгілі бір тұрақтану болады деп күтеміз. Себебі теңіз деңгейі шамамен 20 жыл бойы төмендеп, белгілі бір тепе-теңдікке жетті. Енді осы деңгей маңында ауытқып отырады, бірақ 30 метрге дейін күрт төмендеп кетпейді. Каспий теңізі сақталады", – деп сендірді ғалым.

Айта кетейік, Каспий теңізінің деңгейі 1990 жылдардың ортасынан бастап тұрақты түрде төмендеп келеді. 2025 жылға қарай ол рекордтық деңгейге дейін түсіп, -29 метрден төмен көрсеткішке жеткен. Бұған дейін 2025 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев өз сөздерінде Каспий өңірінде экологиялық апат қаупі бар екенін ескерткен болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью