Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Ақтауда Каспий теңізінің жағасында итбалықтардың өлекселерін табудың жаңа фактілері туралы Маңғыстау облысының экология департаменті Instagram-да хабарлады.
24 мамырда Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары Ақтау қаласының «Шағала» демалыс аймағы ауданында Каспий теңізінің жағалауында теңіз суының сынамаларын алғаны хабарланды.
Әлеуметтік желілерде итбалықтардың өлекселері табылған бейнежазбадан кейін сынамалар алынып, талдау жүргізілгені айтылды.
«Талдау нәтижелері қосымша хабарланатын болады», - деп хабарлады ведомстводан.
Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының ортасында Каспий теңізінің жағасынан 97 итбалықтың өлексесі табылған еді. Мамандар итбалықтар наурыз айының басында өлгендігін айтты.
Кейін Каспий жағалауынан табылған итбалықтардың өліксесі 200-ге жетті.
Сонымен қатар, наурыз айында Каспий жағалауында аққулардың жаппай қырылуы тіркелген болатын.