Каспий түбімен байланыс желісін тарту жобасының негізгі кезеңі аяқталды

05.08.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстанда Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысының негізгі кезеңі аяқталды, деп хабарлады үкімет.

"Суасты кабелі Қазақстан жағалауына сәтті жеткізіліп, "Қазақтелеком" АҚ мен AzerTelecom International компаниялары жүзеге асырып жатқан жобаның ең күрделі бөлігі аяқталды", - деп жазылған хабарламада.

Ақтау – Сумгайыт бағыты бойынша өтетін жаңа маршрут Қазақстан мен Әзербайжанның цифрлық инфрақұрылымын біріктіріп, Азия мен Еуропа арасындағы деректерді жоғары жылдамдықпен тікелей жеткізетін дәлізге айналады. Жоба халықаралық байланыс сенімділігін арттырып, екі елдің транзиттік әлеуетін күшейтеді.

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Қазақстанда Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысының негізгі кезеңі аяқталды

Қазақстанда Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысының негізгі кезеңі аяқталды

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана

Теңіздегі құрылыс жұмыстарының аяқталу барысымен кабель төсейтін кеменің бортында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин және AzerTelecom International компаниясының бас директоры Ана Накашидзе танысты.

Аталған жоба 2025 жылы басталған болатын. Мамандар инженерлік ізденістер жүргізіп, оңтайлы бағытты айқындап, кабелді сынақтан өткізді. Суасты кабелін төсеу жұмыстары 2026 жылдың шілде айында басталды. Құрылыс тәулік бойы су сыйымдылығы 20 мың тоннадан асатын мамандандырылған кеменің көмегімен жүргізілді. Жобаға 70 маман тартылды.

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Қазақстанда Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысының негізгі кезеңі аяқталды

Қазақстанда Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысының негізгі кезеңі аяқталды

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана

"Біз Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін салудың ең күрделі кезеңін – Каспий теңізінің табаны арқылы кабель төсеу жұмыстарын аяқтадық. Жаңа маршрут Қазақстанның әлемдік деректерді беру желілерімен цифрлық байланысын күшейтіп, жасанды интеллект, “бұлтты” технологиялар және заманауи деректерді өңдеу орталықтарын одан әрі дамытудың негізін қалайды", — деді Жаслан Мәдиев.

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Қазақстанда Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысының негізгі кезеңі аяқталды

Қазақстанда Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысының негізгі кезеңі аяқталды

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана

Қазіргі уақытта кабелді жағалаудағы инфрақұрылымға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күзде жерүсті инфрақұрылымының құрылысын аяқтап, іске қосу-баптау жұмыстарын және жүйені кешенді тестілеуді аяқтау жоспарланып отыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью