Каспий жағалауынан табылған итбалық өлекселерінің саны күрт өсті

18.04.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Каспий жағалауынан табылған итбалық өлексесінің саны 97-ден 191-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Каспий жағалауынан табылған итбалық өлексесінің саны 97-ден 191-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы кеше кешке Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті өкілдері мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 17 сәуір сағат 17:00-дегі жағдай бойынша Түпқараған ауданы аумағындағы Каспий теңізі жағалауынан 200-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды. Олардың өлексесі 2-4 дәрежеде ыдыраған күйде болған.

Бұл дерек аудандық полиция бөлімінде тіркелген.

Комитеттің хабарлауынша, Каспий итбалығын бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында зерттеп жатқан ғылыми ұйым – Гидробиология және экология институты оқиға орнында өлекселерді жарып, сынама алуға болатын тұстарынан ішінара үлгі алған. Ал Маңғыстау облыстық экология департаменті су мен топырақтан сынама жинаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Официальный аккаунт (@fishcommitteekz)

Алайда өлекселердің қатты шіруіне байланысты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ветеринариялық қызметі жұқпалы ауруларды анықтау үшін патологиялық материалдардан сынама ала алмаған.

Қазір Каспий теңізі жағалауын бақылау жалғасып жатыр. Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері балық шаруашылығы инспекциясымен және өзге де мекеме өкілдерімен бірге өлекселерді жинап, санитарлық талаптарға сай жойған.

Сала мамандарының айтуынша, көпжылдық зерттеулерге сүйенсек, итбалықтардың қырылуына иммунитеттің әлсіреуі мен ағза төзімділігінің төмендеуі себеп болуы мүмкін. Бұл жануарларды түрлі инфекцияларға осал етеді.

Еске салайық, бұған дейін жұмада Маңғыстау облысында Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылғаны хабарланған еді. Мамандар мұны жағаға батыстан соққан қатты жел салдарынан болды деді. Итбалықтардың қырылу себептерін анықтау және салдарын жою мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған. Оқиға орнына мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың өкілдері, экологтар, ветеринария қызметтері, полиция барған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью