Каспий жағалауынан табылған өлі аққулар: инспекция түсініктеме берді

11.02.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Видеодан алынған стоп-кадр

Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағалауынан табылған аққулардың қырылуына қатысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Оtpannews.kz.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, 8–9 ақпан күндері Ақтау қаласының теңіз жағалауында мониторинг жүргізілген. Тексеру барысында 14-ықшамаудан, 4 «А» ықшамауданы және «Приморский» ықшамауданы маңынан барлығы 11 аққудың өлексесі анықталған.

Инспекция басшысы Ғаббас Досатовтың айтуынша, құстардың өлексесінен және теңіз суынан тиісті сынама алу, сондай-ақ өлекселерді жою шараларын ұйымдастыру үшін облыстық ветеринария басқармасына, экология департаментіне және Ақтау қаласы әкімдігіне хат жолданған. Қазіргі уақытта ветеринария және экология мамандары қажетті сынамаларды алған.

10 ақпан күні Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылындағы теңіз жағалауында жүргізілген кезекті мониторинг барысында тағы 9 аққудың өлексесі табылған. Аудандық ветеринария қызметі құстардан сынама алып, экология департаментінің мамандары теңіз суын зерттеуге алған. Өлекселер арнайы орында өртеу арқылы жойылды.

Мәліметке сәйкес, қазір облыс аумағында шамамен 25 мыңға жуық аққу мекендейді. Олардың басым бөлігі Солтүстік Каспийдегі аралдарға шоғырланған. Сонымен қатар «Қаракөл» көлінде 3,5 мыңдай аққу бар.

Инспекция өкілдерінің айтуынша, өңірде аққудың жаппай қырылуы тіркелмеген. Мониторинг жұмыстары жалғасып жатыр.

Бүгін, 14:49

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью