Каспийде 126 адам ұсталды

31.10.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінде заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Биыл қазан айында мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген шаралар нәтижесінде 126 құқық бұзушы мен 44 шағын көлемді кеме ұсталды.

"Сондай-ақ 11,5 келі есірткі мен 88 шақырым браконьерлік құрал-жабдық тәркіленді. Браконьерлік торлардан табылған 2 337 бекіре мен өзге де балық түрі табиғи мекендеу ортасына жіберілді", - деп жазылған ҰҚК Шекара қызметінің хабарламасында.

Құқық бұзушыларға 4,5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Ал мемлекетке келтірілуі мүмкін 840 миллион теңгеден астам залалдың алдын алды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью