Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АЛМАТЫ, 25 қыркүйек – Sputnik. Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған Маңғыстау облысындағы Жармыш ауылының тұрғыны Ақылбек Төлегенді ұстаздары қимастықпен еске алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Естігенде көкірегіміз қарс айырылды. Бастауыш сыныпта сабақ бердім. Өте елгезек, мейірімді, ашық-жарқын оқушы еді. Бала болып тентектік жасаған жері жоқ. Математикадан өте жақсы оқитын. Қандай тапсырма берсеңіз де, бірінші болып орындап келетін. Бір арам ойы жоқ, аңқылдаған ақкөңіл бала еді", - дейді Ақылбек Төлегеннің бастауыш сынып мұғалімі Арайлым Шанкеева.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАқылбек Төлеген бірінші қатарда солдан оңға қарай санағанда жетінші болып отыр.
Ақылбек Төлеген бірінші қатарда солдан оңға қарай санағанда жетінші болып отыр.
© Sputnik / Айдана Дайырова
Ақылбекті мектеп бітірткен сынып жетекшісі Жамал Бибітова да ерекше ықыласпен еске алады.
"Айналасына қамқор, өте елгезек еді. Қандай қоғамдық жұмыс болсын, Ақылбек алда жүретін. Маған бір қиындық тудырған жоқ. 11-сыныпта менің сыныбымда бес ұл мектеп бітірді. Ақылбектің басбұзарлығын, тентектігін көрмедім. Адамгершілігі өте жақсы еді. Жалғыз тұратын қарт кісілерге үнемі көмектесетін", - дейді сынып жетекшісі.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАқылбек Төлеген бірінші қатарда солдан оңға қарай санағанда үшінші болып отыр.
Ақылбек Төлеген бірінші қатарда солдан оңға қарай санағанда үшінші болып отыр.
© Sputnik / Айдана Дайырова
Еске сала кетейік, оқу-жаттығу барысында ауа райының кенеттен күрт нашарлауы салдарынан 17 әскери қызметшіні толқын ашық теңізге алып кеткен болатын. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза болды.