Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Маңғыстау облысының жас спортшысы Сержан Аяпберген 24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің арасында болды, деп хабарлады Sports24.kz порталы.
Оқу-жаттығу кезінде 12 адам қаза болды, тағы екеуін құтқарушылар іздеп жатыр. Үш адам зардап шекті.
© Sports24.kzСержан Аяпберген (ортада), жарыс кезінде түсірілген фото
Сержан Аяпберген (ортада), жарыс кезінде түсірілген фото
20 жастағы Сержан Ақтау қаласында тұрған, Маңғыстау облысының "Жас Батыр" спорт мектебінде тәрбиеленген. Самбо және дзюдомен айналысып, түрлі деңгейдегі жарыстарда өз өңірінің намысын қорғаған.
"Аяпбергеннің алғашқы елеулі жетістіктерінің бірі 2018 жылғы ақпанда Бішкекте өткен самбодан халықаралық турнир болды. Сол кезде 12 жастағы Сержан 35 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, күміс медаль жеңіп алды. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 327 спортшы қатысты", - деп жазады портал.
Ақтауда жасөспірімдер арасында өткен дзюдодан халықаралық турнирде Сержан 42 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. Бұл жарысқа Қазақстанның түрлі өңірлерінен және шетелдік командалардан спортшылар қатысты.
Жалпы, спорттық карьерасында Сержан Аяпберген самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанып, ТМД студенттері арасындағы жарыстарда жүлделер жеңіп алған және дзюдодан республикалық әрі халықаралық турнирлерге қатысқан.