Каспийдегі итбалықтардың қырылуы: су сынамаларының нәтижесі жарияланды

19.05.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында қызыл кітапқа енген каспий итбалықтарының жаппай қырылуына байланысты зерттеу жүргізілді.

10–11 мамырда Баутино ауылы маңындағы жағалаудан 37 өлі итбалық табылды. 

13 мамырда облыстық экология департаментінің зертхана мамандары теңіз суынан сынама алып, ықтимал улану нұсқасын тексерді. 

19 мамырда департамент: «Химиялық талдау нәтижесінде теңіз суының құрамынан ластаушы заттар анықталған жоқ» деп хабарлады.

Бұған дейін мамандар ықтимал себептердің бірі ретінде табиғи сұрыпталуды атаған болатын. Қазіргі таңда зерттеулер жалғасып жатыр.

Бүгін, 12:14

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью