Каспийдегі қайғылы оқиға: үш әскери қызметшінің денесі арнайы рейспен Оралға жеткізілді

25.09.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады:

"Сағат 08:45-те Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан батысқазақстандық әскери қызметшілер Жеңіс Темірғалиев, Өмірбек Өмірзақ және Ақжайық Ғилаждың денесі арнайы рейспен Орал әуежайына жеткізілді".

Әкімдіктің мәліметінше, қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі мен жерлеу 26 қыркүйекте өтеді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаза тапқандардың отбасыларына жергілікті атқарушы органдар материалдық көмек көрсетеді. Сонымен қатар кәсіпкерлер де қолдау білдіреді. Жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін барлық қажетті шара қабылданып жатыр". БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Әкімдік бұл мәселе облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің жеке бақылауында екенін мәлімдеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью