Каспийдегі трагедия: қаза тапқан әскерилер саны 12 адамға дейін өсті

24.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағалауындағы әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің саны 12-ге жетті. Бұл туралы аймақ әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әкімдік мәліметінше, 12 әскери қызметші қаза тауып, үш адам құтқарылды. Қалған екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Төтенше оқиға орынында премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия жұмысын жалғастырып жатыр. Жұмылдырылған барлық мемлекеттік орган іс-қимылдары мен іздестіру-құтқару жұмыстары үйлестіріліп жатыр. Қазіргі уақытта негізгі міндет - екі әскери қызметшіні табу.

Бозымбаев жоғалған әскери қызметшілерді барлық қажетті күштер мен құралдарды жұмылдыра отырып, тәулік бойы үздіксіз іздестіруді тапсырды. Сондай-ақ қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қажетті материалдық және басқа да көмек көрсетуді жүктеді.

Уәкілетті органдар оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Комиссия жұмысы мен іздестіру-құтқару шаралары тікелей оқиға орнында жалғасып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью