Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
- «Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, желдің жылдамдығы секундына 10–13 метрге дейін жетеді. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан, теңіз жағынан соғып жатыр. Ауа сапасын бақылайтын мониторинг станцияларында ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген мөлшерден асуы тіркелмеген. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті және Ақжайық мемлекеттік табиғи резерваты ұсынған ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта облыс аумағында өрт ошақтары анықталмаға, - деп хабарлады экология департаменті.
Экологтер шаңды дауыл кезінде аса қажеттілік болмаса, тұрғындарға үйде болуды ұсынады.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, атмосфералық ауаның сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Атырауда 600 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылғаны туралы жаздық.