Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Қазақстан интернет қауымдастығының президенті Шавкат Сабиров Каспийдің түбімен тартылған байланыс кабелінің тиімділігін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жақында Ақтаудан Каспийдің түбімен Әзербайжанның Сумгайыт қаласына дейін суасты талшықты-оптикалық байланыс кабелін тарту жұмысы аяқталған болатын.
Шавкат Сабировтың айтуынша, осы жобаның арқасында Қазақстан деректерді жеткізу жағынан ірі транзит аймағына айналады.
© Sputnik / Санат ИмангалиевШавкат Сабиров - Қазақстан интернет қауымдастығының президенті
Шавкат Сабиров - Қазақстан интернет қауымдастығының президенті
© Sputnik / Санат Имангалиев
"Ақтаудағы желі бізге шамамен 16 терабит деректерді өткізуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл дегеніміз, Қазақстан Азия үшін деректерді жеткізу жағынан ірі транзит аймағына айналады. Транзиттік мемлекет үшін - бұл өте жақсы бизнес. Оған қоса, Әзербайжан арқылы бірден Италияға, Еуропаға тікелей жол ашылады", - деді Сабиров Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.
Сарапшының ойынша, бұл жоба көрші елдерге де тиімді. Олар осы кабель арқылы тікелей Еуропаға шыға алады.
© Sputnik / Санат ИмангалиевҚазақстан Интернет-қауымдастығының президенті Шавкат Сабировтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясы
Қазақстан Интернет-қауымдастығының президенті Шавкат Сабировтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясы
© Sputnik / Санат Имангалиев
"Мысалы, Қазақстан Қырғызстанға, Өзбекстанға және Тәжікстанға интернет трафиктің 100 процентке жуығын сатады. Олар алады, себебі Қазақстан интернет трафикті қолжетімді бағамен ұсынып отыр", - деп атап көрсетті Сабиров.
Осы орайда сарапшы Қазақстанның транзиттік әлеуетін ары қарай іске асыру үшін тура сондай байланыс кабелін Иранға тарту қажет деп санайды. Бұл жобаға Ресей де қызығушылық танытуы мүмкін.