Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Сенат депутаттары Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан арасындағы жасыл энергияны өндіру мен беруге арналған келісімді ратификациялау туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Келісім аясында жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру, оны транзиттеу және халықаралық нарықтарға, соның ішінде Еуропа елдеріне экспорттау қарастырылған. Ол үшін "жасыл энергетикалық дәліз" болады. Ал Каспий теңізінің түбі арқылы жоғары кернеулі кабель тартылады.
"Бұл бірыңғай энергетикалық дәліз құруға және Қазақстан мен Өзбекстаннан "жасыл"электр энергиясын Әзербайжанға экспорттап, әрі қарай Еуропа нарықтарына шығаруға мүмкіндік береді",-дейді сенаторлар.
Осы жобаны іске асыру үшін "Yasil Dәhliz Birliyi" бірлескен кәсіпорны құрылады. Онда тараптардың үлестері тең бөлінген - әр елге 33,3%-дан тиесілі.
Ал Азия даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі осы жобаға 2 млн АҚШ доллары көлемінде гранттық қолдау жасайды.