Каталония туристерге салынатын салықты екі есе арттырды

25.02.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Испанияның ең танымал туристік аймағы – Каталонияда туристік алым 1 сәуірден бастап тәулігіне 12 еуроға дейін көтерілмек. Бұл шешім автономды қауымдастық парламентінде қабылданды, деп хабарлайды АА.

Ең көп өзгеріс Барселонаға қатысты. Generalitat дерегіне сәйкес:

бес жұлдызды қонақүйлерде – 7 еуро, төрт жұлдызды қонақүйлерде – 3,4 еуро, туристік апартаменттерде – 4,5 еуро, басқа орналастыру орындарында – 2 еуро.

Оған қоса, Барселонадағы қалалық туристік алым да 4 еуродан 5 еуроға көтерілді. Осылайша, бұған дейін тәулігіне 5–7,5 еуро төлеген турист енді шамамен 12 еуро төлейтін болады.

Муниципалитет 2029 жылға дейін жыл сайын бұл алымды тағы 1 еуроға өсіріп, 8 еуроға жеткізуді жоспарлап отыр. Нәтижесінде Барселонадағы жалпы туристік салық мөлшері 15 еуроға дейін жетуі мүмкін.

Жирона, Таррагона және жағалаудағы қалаларда өсім 50% деңгейінде болады. Жиналған қаражаттың 25%-ы тұрғын үй саясатына, қалғаны Туризмді дамыту қорына бағытталмақ.

Айта кетейік, Испанияда туристік алым алғаш рет 2012 жылы дәл осы Каталонияда енгізілген. Кейіннен Галисия мен Балеар аралдары да төмен мөлшерде осындай тәжірибені қабылдады.

Бүгін, 19:57

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью