Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қатар премьер-министрі әрі сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани сейсенбі күні Иранға Ормуз бұғазын көршілерін қорқыту үшін пайдаланбау керектігін ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews басылымына сілтеме жасап.
Қатар премьер-министрі әрі сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани сейсенбі күні Иранға Ормуз бұғазын көршілерін қорқыту үшін пайдаланбау керектігін ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews басылымына сілтеме жасап.
Дохада Түркия сыртқы істер министрі Хақан Фиданмен бірге сөйлеген сөзінде Әл Тани: "Иран бұл бұғазды Парсы шығанағы елдеріне қысым көрсету немесе бопсалау қаруы ретінде пайдаланбауы тиіс", - деп мәлімдеді.
"Бұл - халықаралық су дәлізі, ол әрдайым қорғалуы және күзетілуі тиіс. Бұғаздың қазіргі жай-күйі мен онда болып жатқан оқиғалар енді қайталанбауы керек", - деді ол.
Фидан да Әл Танидің әлемдік мұнай мен газ жеткізілімінің едәуір бөлігі өтетін маңызды бұғазға қатысты үндеуін қолдады.
"Ормуз бұғазының қару ретінде қолданылуына жол бермеу тек аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық үшін ғана емес, сонымен қатар әлемдік экономика үшін де өте маңызды", - деді ол.
Соңғы күндері келіссөздер тығырыққа тірелгеннен кейін соғыстың өршіп кету қаупіне байланысты Доха мен Анкара Вашингтон мен Тегеран арасында бітім орнатуға бағытталған дипломатиялық күш-жігерді де қолдады.
"Қатар мен Түркия бауырлас Пәкістан халқының осы соғыстың шешімін табу, атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізу, соғысты тезірек аяқтау, Ормуз бұғазын ашу және кеме қатынасы еркіндігін қалыпты арнаға қайтару бағытындағы талпыныстарын бірлесе қолдайды", - деді Әл Тани.
Сонымен бірге Қатар мен Түркия Парсы шығанағындағы теңіз қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін "кез келген біржақты шаралардан" сақтандырды және коммерциялық кемелерге жасалған шабуылдарды халықаралық құқықты бұзу, жаһандық сауда мен маңызды жеткізу тізбегіне қауіп төндіру деп айыптады.
Фиданның айтуынша, Вашингтон да, Тегеран да соғысты тоқтатуды қалайтын сияқты, бірақ ықтимал келісімнің қалай ресімделуі керектігіне қатысты келіспеушіліктер әлі де бар.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты
27 сәуір 18:41 1
Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін
27 сәуір 20:44 1
Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды
29 сәуір 08:10 1
"Екі тарап та соғыстың тоқтағанын қалайды. Олар Ормуз бұғазының ашық болғанын және ядролық мәселелердің қандай да бір жолмен шешілгенін қалайды", - деді Түркия СІМ басшысы.
Дипломатиялық қысым АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Вашингтонның атысты тоқтату туралы ұсынысына қайтарған соңғы жауабын "мүлдем қабылданбайтын" деп таныған соң, Вашингтон мен Тегеран арасындағы нәзік бітімге күмән ұялаған тұста күшейіп отыр.
Иранның мемлекеттік БАҚ-тары Тегеранның Ормузға толық егемендік алуды, санкцияларды алып тастауды және соғыс шығындарын өтеуді талап еткенін хабарлады. Сонымен бірге Иран АҚШ тарапынан қайталанған кез келген соққыға әскери іс-қимылдармен жауап беретінін ескертті.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу