Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Бұл туралы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өкілдері хабарлады. Фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан.
Кадрлардан көрінгендей, ілбіс үш аланымен бірге келе жатыр.
- Бұл өте ерекше жағдай. Өйткені аландар анасының жанында шамамен екі жыл болады. Осы уақытта олар аң аулауды, қауіптен сақтануды үйренеді. Мұндай кадрлар ұлттық парк аумағында жануарлардың сирек түрлерінің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай сақталып отырғанын көрсетеді, - делінген ақпаратта.
Қар барысы - Алтайдың асқақ таулары мен тұмса табиғатында мекендейтін, Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жыртқыш.
Еске салсақ, осыған дейін Қызылордада биологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қасқыр ауланып жатыр.