Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Еуроодақ дипломатиясының басшысы Кая Каллас Украина бойынша келіссөздегі ЕО басымдықтарын қайта қарап, бастысы үстел басынан орын алу емес, сол жерде талап қоя білу екенін айтты.
Каллас бұл туралы Мюнхен қауіпсіздік конференциясы барысында мәлімдеді.
"Келіссөзге келсек, ең маңыздысы – үстел басынан орын алу емес, сол жерде отырғанда қандай талап қою керектігін білу", – деді ол.
Сондай-ақ Каллас "Ресей тарапынан қойылған максималистік талаптарға минималистік жауап қайтаруға болмайтынын" атап өтті.
"Егер Украина қарулы күштерінің саны шектелетін болса, Ресей де дәл солай шектелуге тиіс", – деді Каллас.
4–5 ақпанда Абу-Даби қаласында Ресей, АҚШ және Украина делегацияларының қатысуымен Украина мәселесі бойынша келіссөздің екінші кезеңі өтті. Бірінші кезең 23–24 қаңтарда осы қалада ұйымдастырылған болатын. Келіссөз жабық форматта, БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өтті.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін Ресей, АҚШ және Украина арасындағы жаңа келіссөз кезеңі Женева қаласында өтетінін хабарлаған.