Казақстан компаниясы АҚШ та химия кешенін салады

08.11.2025

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстандық компания алғаш рет АҚШ-та өнеркәсіптік жоба ашады.

Нақты айтқанда, ұнтақ жабындары мен полиэфирлі шайырлар өндіретін вертикалды интеграцияланған химия кешенін салынбақ. Бұл құжаттың көлемі 130 млн долларға бағаланды. Назар аударатын қызықты құжат көп. Соның бірі «BETA Technologies» мен «Joby Aero Inc.» компанияларының келісімі. 300 млн долларлық құжат электр авиациясын, аэротакси және интеллектуалды көлік жүйелерін дамытуға бағытталған. Бұл келісім зияткерлік мобильділік және экологиялық таза технологиялар саласындағы тың жаңалыққа сеп болмақ. Одан бөлек АҚШ–тың бірнеше қаржылық компаниясымен құны шамамен 1 млрд АҚШ долларына тең үш келісім жасалды. Бұл жобалар инфрақұрылымды, жеке капитал мен қарыз нарығын дамытуға бағытталған.

1Thirty Holding - BCIU

Келісім құны - $130 млн

Жоба - вертикалды интеграцияланған химия кешені

Өндіріс - ұнтақ жабындары мен полиэфирлі шайырлар

BETA Technologies — Joby Aero Inc.

Келісім құны - шамамен $300 млн

Жоба - электр авиациясын, аэротакси, интеллектуалды көлік

NIC NBK — Brookfield Asset Management, Cerberus Capital Management, Ashmore Investment Advisors Corporation

Келісімдер құны - шамамен $1 млрд

Жобалар - инфрақұрылым, жеке капитал, қарыз нарығын дамыту

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью