Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Байқау аналитикалық мақалалар, репортаждар, сұхбаттар және өзге де жанрларда материалдар ұсынған республикалық және өңірлік БАҚ журналистерін біріктірді. Қатысушылар жоғары кәсібилігін, салалық күн тәртібін терең түсінетінін және Қазақстандағы машина жасау саласының өзекті даму үрдістерін көрсете білді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Бірінші орын және 1 000 000 теңге көлеміндегі бас жүлде «Қазақпарат» - «Казинформ» ХАА мультимедиялық контент өндіру қызметінің тілшісі Әділ Саптаевқа «От отвертки до локомотива – как развивается главная индустриальная отрасль Казахстана» тақырыбында материалы үшін берілді.
Екінші орын және 700 000 теңге көлеміндегі жүлдені «Қазақ үні» ЖШС бөлім редакторы Достан Елдесов «Феномен комплексного развития машиностроения Казахстана» материалы үшін иеленді.
Үшінші орын және 500 000 теңге көлеміндегі жүлде «Atyrau Press» интернет-редакциясының тілшісі Амандық Абдуловқа «Қазақстанды вагонмен қамтитын алпауыт» материалы үшін табысталды.
Фото: Солтан Жексенбеков/KazinformЫнталандыру сыйлықтары келесі журналистерге берілді:
1. Айбек Тасқалиев, «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің экономика және ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі;
2. Майра Ерғали, «Атырау» облыстық газетінің аға тілшісі;
3. Алтынай Ысқақова, «Nazarda» интернет-порталының тілшісі;
4. Мөлдір Қалымбет, «Қазақпарат» - «Казинформ» ХАА мультимедиялық контент өндіру қызметінің аналитикалық шолушысы;
5. Дана Туғамбекова, «Azattyq Ruhy» ақпарат агенттігінің шығарушы редакторы;
6. Ольга Золотых, «Otpannews.kz» жаңалықтар порталының шеф-редакторы;
7. Айбек Қосанов, «Журналист KZ» қоғамдық-саяси сайтының редакторы;
8. Карина Кущанова, «Қазақпарат» - «Казинформ» ХАА тілшісі.
Фото: Солтан Жексенбеков/KazinformҚазақстан машина жасаушыларының одағы мұндай байқауларды өткізу салалық журналистиканы дамытуға, қоғамның машина жасау саласына қызығушылығын арттыруға және БАҚ пен өндірістік қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының негізгі драйверлерінің біріне айналған отандық машина жасау саласының жетістіктерін одан әрі жариялаудың маңыздылығын атап өтті.
Бұған дейін «Jibek Joly» радиосының жүргізушісі Гүлназ Аманғали кәсіби жолы, радионың телеарнадан айырмашылығы және эфир сыртындағы қызықтарын бөліскен еді.