Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Kcell қолданушылары оператор жұмысындағы ақауларға жаппай шағымданып жатыр. Қазақстандықтардың айтуынша, байланыс пен мобильді интернеттің жоқтығына бір сағатқа жуық уақыт болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Kcell қолданушылары оператор жұмысындағы ақауларға жаппай шағымданып жатыр. Қазақстандықтардың айтуынша, байланыс пен мобильді интернеттің жоқтығына бір сағатқа жуық уақыт болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мән-жайыБайланыс мәселесі туралы Tengrinews.kz оқырмандары хабарлады.
"Activ (Kcell) желісінің мобильді интернеті бүкіл Астана бойынша жұмыс істемей тұр", - деп жазды оқырмандардың бірі.
Threads желісінде де шағым жарияланды.
Kcell не дейді?"Компания өкілдері ештеңені түсіндіре алмай отыр, қасымдағылардың бәрінде жиналыс, жұмыс процесі, төлемдер жүріп жатыр... Ақаулар туралы бірде-бір хабарлама келген жоқ, есесіне төлем жасау керектігін күніне 3 рет еске саласыздар", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушысы.
Ұялы байланыс операторының баспасөз қызметі ақау туралы ақпаратты растап, мәселенің жуырда шешілетінін хабарлады.
"Қазіргі уақытта желіде байланыс пен мобильді интернет қызметтері жұмысында тұрақсыздық байқалады. Бұл - жаппай ақау. Туындаған қолайсыздықтар үшін өкініш білдіреміз", - делінген компанияның Threads-тегі хабарламасында.
Сондай-ақ, компания сервистерге шектеулерді қысқа мерзімде жою үшін барлық күш-жігерін салып жатқанын атап өтті.