Кедергісіз келешек : Ұлытау облысында мүгедектігі бар тұрғынның мәселесі шешілді

06.05.2026

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қоғамның дамуы – оның әрбір мүшесіне жасалған жағдаймен өлшенеді. Әсіресе, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта «AMANAT» партиясы жүйелі жұмыстар жүргізіп, нақты нәтижелерге қол жеткізіп келеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Ұлытау облысында игі іс жүзеге асты. Жобаға түскен өтініш негізінде Сәтбаев қаласының тұрғыны, І топ мүгедегі Ақбөкен Серіктің мәселесі оң шешімін тапты.

Аталған мәселені шешуге жоба амбассадоры, Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы Қайрат Балмағамбетов тікелей ықпал етті. Нәтижесінде көпқабатты тұрғын үйге кіріп-шығуды қамтамасыз ету үшін арнайы пандус орнатылды. Бұл – бір адамның мәселесін шешу ғана емес, қоғамдағы инклюзивтілік қағидаттарының нақты жүзеге асып жатқандығының көрінісі.

Осындай бастамалардың арқасында ерекше қажеттілігі бар азаматтардың өмір сапасы артып, олардың қоғам өміріне толыққанды араласуына мүмкіндік туып отыр. Бұл өз кезегінде әлеуметтік әділеттіліктің нығаюына және азаматтардың мемлекетке деген сенімінің артуына ықпал етеді.

Көрсетілген көмек үшін Ақбөкен Серік шынайы алғысын білдіріп, мұндай қолдаудың маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл шара күнделікті өмірді айтарлықтай жеңілдетіп, еркін қозғалуға мүмкіндік берген.

Кедергісіз орта – бұл тек инфрақұрылым ғана емес, бұл – тең мүмкіндік, құрмет пен қамқорлықтың белгісі. Ал осындай нақты істер – жарқын болашаққа бастар сенімді қадам.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью