Кеген Нарынқол тасжолының бір бөлігі опырылып түсті (ВИДЕО)

03.04.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Республикалық маңызы бар «Кеген – Нарынқол» тасжолының 20-шақырымында еріген қар суының күрт көбеюіне байланысты төтенше жағдай болды. Жол қызметінің мамандары жоспарлы патрульдеу кезінде аталған учаскедегі су деңгейінің шектен тыс артқанын дер кезінде анықтап, қауіптің алдын алды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қарқынды еріген қар суының қысымы салдарынан 1960-1970 жылдары салынған су өткізгіш құбырдың 4-5 буыны бұзылған. Нәтижесінде, құбыр аузы бітеліп, жолдың жер төсемі бүкіл ені бойынша шайылды. Опырылған аймақтың ені шамамен 12 метрді, тереңдігі 10 метрді құрайды. 150 м² асфальт жамылғысы бүлінген.

​Айта кету керек, бұл учаске соңғы 50 жыл ішінде «су басу қаупі бар аймақтар» тізіміне кірмеген. 

Еріген судың мұндай жойқын көлемі бұрын-соңды тіркелмеген. Қазіргі уақытта су жол жиегімен ағып, Қабанды өзеніне, одан әрі Кеген өзеніне құйылуда.

​Жол қозғалысы жедел түрде тоқтатылып, қауіпсіз айналма жол ұйымдастырылды. Жол-көлік оқиғаларына жол берілген жоқ, зардап шеккендер мен материалдық шығын жоқ. Оқиға орнына арнайы техника жұмылдырылып, жақын арада қиыршық тас төселген уақытша жол салынады.

Аталған учаске қазіргі уақытта орташа жөндеу жүргізу үшін мердігер ұйымның иелігінде. Судың ағысы басылған бойда құбыр мен жол жамылғысын толық қалпына келтіру жұмыстары басталады. Жоба аясында жолдың табиғи әсерлерге төзімділігін арттыру шаралары қарастырылған.

Оқиға орнында Кеген және Райымбек ауданы әкімі, әкім орынбасарлары, полиция басшылары, ТЖМ қызметкерлері, ҚазСелденҚорғау мамандары жүр. Жағдай толықтай бақылауда.

Оқиға орнына Кеген ауданы әкімі Нұрбақыт Теңізбаев пен Райымбек ауданы әкімі Дастан Құдабаев барған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью