7kun.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Фото ЖИ
30 сәуірде Алматы облысы, Кеген ауылының негізгі кіреберіс нысанының іргесінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясымен және халықаралық «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау науқанымен ұштасқан аймақтық маңызы бар ауқымды ағаш егу іс-шарасы өтеді.
Бұл экологиялық жоба өңірдің табиғи әлеуетін арттырумен қатар, елді мекеннің эстетикалық келбетін жаңғыртуды және Кеген ауылының болашақ «жасыл белдеуінің» негізін қалауды жоспарлауда.
Биылғы «Парктер шеруі» акциясы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселесіне жұртшылықтың назарын аударуды көздейді. Қазақстанда 1996 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл қозғалыс аясында Кеген өңірінде де бірқатар экологиялық іс-шаралар, атап айтқанда «Таза өлке», «Таза аймақ» және «Жасыл жапырақ» акциялары жүзеге асырылуда.
Аталған шара облыс басшылығының тікелей қолдауымен ұйымдастырылып жүр.
Аталған шара облыс басшылығының қолдауымен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару мақсатында ұйымдастырылуда. Экологиялық акцияға облыстық және аудандық деңгейдегі өкілдер, қоғам қайраткерлері мен депутаттар қатысады. Сонымен қатар, игі шараға: жергілікті аудан халқы мен белсенді жастар, БАҚ өкілдері мен танымал блогерлер, еріктілер мен парк қызметкерлері жұмылдырылады.
Акцияға барлығы 1 000-ға жуық адам жұмылдырылады деп күтілуде. Бір күн ішінде барлығы 5100 түп ағаш отырғызылады.
Ауылдың «жасыл қақпасын» қалыптастыру үшін мемлекет тарапынан кешенді инженерлік және дайындық жұмыстары жүргізілді. Олар:
1. Ағаш егілетін 7 гектар жер толықтай қоршалды.
2. Бөлінген аумаққа 2 560 түп ағаш егіледі. Оның ішінде: 512 аққайың, 512 қарағай, 400 шырша, 624 терек және 512 қара ағаш бар.
3. Жасыл желектің сақталуын қамтамасыз ету үшін 2 000 метрлік суғару жүйесі тартылады.
Іс-шараның маңызды бөлігі ретінде жеке инвестордың әлеуметтік жауапкершілігін атап өтуге де болады. Өңірде жүн мен тері өңдеу зауытын салып жатқан «MERGEN HOLDING» ЖШС бұл бастамаға өз үлесін қосуды жөн көріпті. Компания жеке қаражаты есебінен 2 гектар жерді игеріп, аталған алқапқа 2 000 түп калифорния терегін егу жоспарлап отыр.
«Парктер шеруі» – табиғатты қорғау және қоршаған орта мәселелерін шешуге бағытталған халықаралық қозғалыс. 2025 жылғы акцияның нәтижесі бойынша Кеген өңіріндегі ұлттық парк Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің алғыс хатымен марапатталған болатын.
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады. 30 сәуірде Алматы облысы, Кеген ауылының негізгі кіреберіс нысанының іргесінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясымен және халықаралық «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау науқанымен ұштасқан аймақтық маңызы бар ауқымды ағаш егу іс-шарасы өтеді.
Бұл экологиялық жоба өңірдің табиғи әлеуетін арттырумен қатар, елді мекеннің эстетикалық келбетін жаңғыртуды және Кеген ауылының болашақ «жасыл белдеуінің» негізін қалауды жоспарлауда.
Биылғы «Парктер шеруі» акциясы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселесіне жұртшылықтың назарын аударуды көздейді. Қазақстанда 1996 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл қозғалыс аясында Кеген өңірінде де бірқатар экологиялық іс-шаралар, атап айтқанда «Таза өлке», «Таза аймақ» және «Жасыл жапырақ» акциялары жүзеге асырылуда.
Аталған шара облыс басшылығының тікелей қолдауымен ұйымдастырылып жүр.
Аталған шара облыс басшылығының қолдауымен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару мақсатында ұйымдастырылуда. Экологиялық акцияға облыстық және аудандық деңгейдегі өкілдер, қоғам қайраткерлері мен депутаттар қатысады. Сонымен қатар, игі шараға: жергілікті аудан халқы мен белсенді жастар, БАҚ өкілдері мен танымал блогерлер, еріктілер мен парк қызметкерлері жұмылдырылады.
Акцияға барлығы 1 000-ға жуық адам жұмылдырылады деп күтілуде. Бір күн ішінде барлығы 5100 түп ағаш отырғызылады.
Ауылдың «жасыл қақпасын» қалыптастыру үшін мемлекет тарапынан кешенді инженерлік және дайындық жұмыстары жүргізілді. Олар:
1. Ағаш егілетін 7 гектар жер толықтай қоршалды.
2. Бөлінген аумаққа 2 560 түп ағаш егіледі. Оның ішінде: 512 аққайың, 512 қарағай, 400 шырша, 624 терек және 512 қара ағаш бар.
3. Жасыл желектің сақталуын қамтамасыз ету үшін 2 000 метрлік суғару жүйесі тартылады.
Іс-шараның маңызды бөлігі ретінде жеке инвестордың әлеуметтік жауапкершілігін атап өтуге де болады. Өңірде жүн мен тері өңдеу зауытын салып жатқан «MERGEN HOLDING» ЖШС бұл бастамаға өз үлесін қосуды жөн көріпті. Компания жеке қаражаты есебінен 2 гектар жерді игеріп, аталған алқапқа 2 000 түп калифорния терегін егу жоспарлап отыр.
«Парктер шеруі» – табиғатты қорғау және қоршаған орта мәселелерін шешуге бағытталған халықаралық қозғалыс. 2025 жылғы акцияның нәтижесі бойынша Кеген өңіріндегі ұлттық парк Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің алғыс хатымен марапатталған болатын.
«Кеген ауылының босағасында бой көтеретін бұл жасыл желек алдағы уақытта өңірдің экологиялық ахуалын жақсартып, туристік тартымдылығын арттыратын маңызды нысанға айналады деген сеніміміз мол. Бұл қадам -табиғатты қорғау мен өндірістік дамудың үндесе алатынының жарқын үлгісі.Кегеннің «Жасыл қақпасын» бірге тұрғызайық», дейді ұйымдастырушылар.