Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, нағыз жылы көктемгі ауа райы күтіледі.
Тек батыс өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында кейбір күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағаймен бірге жаңбыр жаууы мүмкін.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде тұман түсуі күтіледі.
Күндізгі ауа температурасы:
батыста +18…+27°С дейін,
солтүстікте +10…+17°С дейін,
орталықта +15…+25°С дейін,
шығыста +12…+20°С дейін,
оңтүстікте +23…+30°С дейін жылынады,
ал оңтүстік-батыста температура сәл төмендеп, +13…+20°С шамасында болады.
Айта кетелік Қостанай облысында жол жабылды.