Кейбір кредиттер бойынша жаңа ережені қолдану мерзімі кейінге шегерілді

06.11.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Ұлттық банк кейбір кредиттер бойынша қарыз жүктемесі коэффициентін қолдану мерзімін кейінге шегерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан банктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл шешім ипотекалық кредиттеу мен автокредиттеу нарығындағы жағдайға жасалған талдаудың нәтижесінде қабылданып отыр. Оған сәйкес, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі мен автокредит бойынша қарыз беру кезінде борыш жүктемесі коэффициентін (БЖК) міндетті түрде сақтау талаптары уақытша қолданылмайды:

тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі ішінде берілетін қарыздар үшін 2029 жылғы 31 желтоқсанға дейін;

автокредиттер үшін 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Автокредитке алынатын көліктерге қатысты талаптар да айқындалып отыр. Олар:

пайдалануда болмаған және Қазақстан аумағында алғаш рет тіркелетін әрі қарыз бойынша кепілмен қамтамасыз етілетін жаңа автокөлік;

бастапқы жарнасы өз құнының 50%-ын құрайтын және қарыз бойынша кепілге қойылатын қолданыста болған автокөлік;

пайдаланылған мерзімі 3 жылға дейінгі, бастапқы жарнасы өз құнының 30%-ын құрайтын және қарыз бойынша кепілге қойылатын автокөлік.

Айта кетері, биыл шілде айынан бастап кредит беру тәртібі өзгерген болатын. Жаңа ережеге адамның қарыз жүктемесінің коэффициенті мен ай сайынғы табысқа қарыз коэффициенті енгізілді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью