Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазақстанда «Келешек мектептері» жобасы аясында білім беру инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқын алды. Жоба басталғалы бері ел аумағында 217 заманауи мектеп пайдалануға берілді. Бұл білім ошақтары оқушы санының артуы мен жаңа технологияларға негізделген оқытуға бейімделген, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Жаңа мектептерде бүгінде 200 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр, ал сабақ үдерісін 16 000-нан астам мұғалім заманауи әдістер арқылы жүргізіп отыр. Бұл білім беру сапасын арттыруға және оқу процесін жаңаша ұйымдастыруға мүмкіндік беріп отыр.
Мұғалімдердің кәсіби дамуына да ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазіргі таңда 10 000-нан астам педагог жасанды интеллект, цифрлық құралдар, STEM бағыты және жаңа педагогикалық тәсілдер бойынша арнайы курстардан өтті.
Оқыту семинарлары – Зияткерлік мектептер, «Білім-Инновация» лицейлері және «Өрлеу» орталығының базасында ұйымдастырылып келеді. Бұл алаңдар педагогтердің тәжірибе алмасуына және жаңа білім беру әдістерін меңгеруіне жол ашып отыр.
Сонымен қатар мектеп директорларын іріктеу жүйесі де жаңартылды. Басшылық қызметке тәжірибелі педагогтермен қатар «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының түлектері де тағайындалып жатыр.
Директорлар стратегиялық конференциялар аясында STEM-білім беру моделін меңгеріп, дарынды оқушылардың қабілетін дамыту, кадрлық әлеуетті күшейту және жасанды интеллект негізінде сабақ жоспарлау әдістерін үйреніп жатыр.
Жоба шеңберіндегі бұл бастамалар еліміздегі мектептердің сапасын арттырып, білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
Соңғы жаңалықтар
Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Елімізде қар жауып, күн күрт суытады
Ауа райы • Бүгін, 12:42
Бибісара Асаубаева «Үміткерлер турнирінде» үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:30
«Таза Қазақстан»: Орманшылар оқушылармен бірге ағаш екті
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:20
Атырауда дарынды балаларға арналған спорт мектебі салынып жатыр
Спорт • Бүгін, 12:12
Аттестация жүйесіндегі өзгерістер: Тест тапсырып үлгермегендердің санаты сақтала ма?
Білім • Бүгін, 12:02
Астанадағы көпқабатты үйдегі өрт: Зардап шеккен әйелдің жағдайы қалай?
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қажылық сапары: Ел азаматтары үшін қауіпсіз әуе бағыттары ұйымдастырылады
Қоғам • Бүгін, 11:48
Еркін күрес шеберлері Бішкекте қос қоланы қанағат тұтты
Спорт • Бүгін, 11:36
110 млн теңгеден астам шығын: «Boxy Wealth» қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды
Қоғам • Бүгін, 11:20
Ғарифолла Әнестің 6 кітабы таныстырылды
Әдебиет • Бүгін, 11:13
Мемлекет басшысы Ирак президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 11:03
Шекарадағы кезек азаяды: Өткізу бекеттерінде 200 орындық автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:49
Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы күрт қымбаттады
Әлем • Бүгін, 10:33
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 10:25