Келешек мектептері оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды

17.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында «Келешек мектептері» жобасына қатысатын 7-8 сынып оқушылары арасында өткен футзалдан республикалық турнир мәресіне жетті. Ауқымды жарыс Ұлттық мектеп лигасының ресми ашылуымен тұспа-тұс келіп, үлкен спорт мерекесіне ұласты, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, жас спортшыларға ізгі тілегін білдірді. Шараға сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров та қатысты.

Министр өз сөзінде «Келешек мектептері» жобасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асқан маңызды бастама екенін атап өтті.

«Бұл жоба – ел болашағына бағытталған ерекше қадам. Мемлекет басшысы сіздерге үлкен сенім артады. Бүгінгі жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын. Турнир оқушыларды біріктіріп, достықты нығайтып, командалық рухты қалыптастыруға ықпал етті», деді Жұлдыз Сүлейменова.

«Келешек мектептері» барлық мектептің дамуына негіз болады

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жарыстың негізгі мақсаты – мектеп спортының деңгейін көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау және оқушылар үшін қолжетімді спорттық орта қалыптастыру. Үш күнге созылған додаға еліміздің әр өңірінен келген 20 команда қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша Астана қаласының командасы чемпион атанды. Екінші орынды Қызылордадағы «Келешек мектебінің» командасы иеленсе, Түркістан құрамасы үздік үштікті түйіндеді.

Сонымен қатар жарыс барысында оқушылар «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік сұрмерген» аталымдары бойынша марапатталды. Жас спортшыларды тәрбиелеп жүрген жаттықтырушылардың еңбегі де назардан тыс қалған жоқ.

«Келешек мектептері»: Елімізде 217 заманауи білім ошағы ашылды

Осылайша, «Келешек мектептері» аясындағы турнир жасөспірімдер спортына серпін беріп, ел өңірлерінен келген оқушылардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасады.

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек

Президент • Бүгін, 17:59

Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады

Президент • Бүгін, 17:48

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек

Президент • Бүгін, 17:35

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Президент • Бүгін, 17:31

Қазақстан ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша үздік 20 елдің қатарына енді

Қазақстан • Бүгін, 17:23

Елімізде 165 мың педагог ChatGPT Edu жүйесін қолданады

Жасанды интеллект • Бүгін, 17:15

Цементке сұраныс артты: Баға 13,7 пайызға қымбаттады

Экономика • Бүгін, 16:59

Маңғыстауда заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес берді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:40

Шығыс Қазақстан облысында үш экопарк салынады

Аймақтар • Бүгін, 16:32

Елімізде қызылша жұқтыру көрсеткіші 30%-ға төмендеді

Денсаулық • Бүгін, 16:20

Жазда жаңа халықаралық әуе бағыттары іске қосылады

Қоғам • Бүгін, 16:13

Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Оқиға • Бүгін, 15:57

Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды

Саясат • Бүгін, 15:50

Жылу, экология және спорт: «Самұрық-Қазына» Абай өңірінде ауқымды жобаларды іске асырады

Экономика • Бүгін, 15:48

Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Спорт • Бүгін, 15:29

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью