Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді

24.02.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Елордадағы жаңа шаңғы базасында биатлон мен шаңғы тебуден алғашқы оқу-жаттығу сабақтары өтті. Жаңа нысан қысқы спорт түрлерін жүйелі дамытуға бағытталған инфрақұрылымымен ерекшеленіп, спортшылардың дайындығын жаңа деңгейге шығаруды көздейді, деп жазады Egemen.kz.

Жаттығу барысын Василий Левит, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы арнайы барып көрді. Ол спортшылардың дайындық жағдайымен танысып, жаттықтырушылармен алдағы жұмысты ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

«Бүгін базада алғашқы биатлон және шаңғы тебуден жаттығулар өтті. Мен жеке жаттығу процесімен танысып, бапкерлер мен жас спортшылармен сөйлестім. Сонымен қатар, мұнда спорттық бағдарлаумен айналысатын жас спортшылар да жаттығатын болады. Шаңғы базасы толық жұмысқа дайын және штаттық режимде қызмет көрсетеді. Оқу-жаттығу процесін өткізу және әртүрлі деңгейдегі спортшыларды даярлау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған», деді Василий Левит.

Сегіз Олимпиадаға қатысқан спортшы

Жаңа нысанның инфрақұрылымы күштік қондырғылармен және мамандандырылған жабдықтармен қамтылған кең жаттығу залын қамтиды. Оның ішінде «ERCOLINA» тренажері бар. Сондай-ақ жыл бойы техника шыңдауға, конькимен сырғанау қимылын имитациялауға, жылдамдық пен көлбеу бұрышты меңгеруге мүмкіндік беретін «Skate Treadmill RL3500E» кәсіби тренажері орнатылған. Бұл жабдық жүктемені дәл реттеп, мамандар бақылауымен қауіпсіз жаттығу өткізуге әрі спортшының дайындығын жүйелі бағалауға жол ашады.

Михаил Шайдоров Олимпиадада өнер көрсеткен костюмін мұражайға тапсырды

Базада шаңғылар мен спорттық жабдықтарды дайындауға, сақтауға және кептіруге арналған арнайы үй-жайлар да қарастырылған.

«Мен биатлоннан аға жаттықтырушымын. Қазіргі уақытта бізде 90-ға жуық бала жаттығады. Бүгін жаңа шаңғы базасы жұмысын бастады және ол бізге ұнады. Балалар қуанышты, біз бұны көп күттік. Астанада алғаш рет жабдықтарды сақтайтын және балалар киім ауыстыра алатын база пайда болды. Біз өте ризамыз: бізді қарсы алып, бәрін көрсетіп, түсіндірді, қолайлы жағдай жасады. Осы іске атсалысқан жандардың барлығына рахмет», деді биатлоннан жаттықтырушы-оқытушы Евгений Тюлегенев.

Қысқы ойынның қарқыны

Жаңа шаңғы базасы алдағы уақытта балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің, Олимпиадалық резервті даярлау орталығының, Жоғары спорт шеберлігі мектебінің және бұқаралық спорт клубтарының тәрбиеленушілерін даярлаудың негізгі алаңына айналмақ.

Шаңғы базасы күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар

«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады

Бокс • Бүгін, 12:36

Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?

Аймақтар • Бүгін, 12:20

Қызылорда облысында суды аз қажет ететін дақылдар егіледі

Аймақтар • Бүгін, 12:10

Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді

Аймақтар • Бүгін, 12:05

Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

Ата заң • Бүгін, 11:58

Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі

Аймақтар • Бүгін, 11:52

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Ата заң • Бүгін, 11:49

Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді

Үкімет • Бүгін, 11:47

Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?

Сұхбат • Бүгін, 11:40

Қарағанды – Жезқазған трассасында реконструкция жұмыстары басталады

Аймақтар • Бүгін, 11:34

Белгілі кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады

Қоғам • Бүгін, 11:27

Әдемі нөмірге әуестік: Жүргізушілер бір айда 6 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады

Қоғам • Бүгін, 11:12

Сыр өңірінде тағы бір ауыл арақтан бас тартты

Аймақтар • Бүгін, 11:05

Ақтөбедегі құс фабрикасында өрт шықты

Оқиға • Бүгін, 11:00

Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді

Теннис • Бүгін, 10:50

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью