Келешектің сенімді кепілі

27.03.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Елдің бас құжатының жалпыхалықтық референдумда қолдау табуы – саяси-құқықтық оқиға ғана емес, ұлттық дамудың парадигмалық бетбұрысын айқындайтын қоғамның ішкі сұранысы мен тарихи жауапкершілігінің тоғысқан тұсы.

Әлемдік геосаяси тұрақсыздық, экономикалық турбуленттілік, ішкі әлеуметтік трансформацияның кү­шеюі тұсында мемлекеттердің инсти­туционалдық беріктігі мен құқықтық жүйесінің икемділігі маңызды. Осын­дай күрделі кезеңде конституциялық реформаларға қадам басу – проактивті шешім. Яғни мемлекет болашақ сын-қатерлерге алдын ала жауап беретін бас­қару моделін қалыптастыруға ұмтылып отыр.

Жаңа Конституцияның мазмұнына назар аударсақ, оның басты ерекшелігі – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасты түбегейлі қайта қарастыруында. Бұған дейінгі модельде мемлекет көбіне реттеуші әрі бақылаушы функцияларды атқарса, енді жаңа редакцияда ол азаматқа қызмет ететін, оның құқығы мен қадір-қасиетін қамтамасыз етуді негізгі миссиясы ретінде қабылдайтын институт ретінде орнығуда. Бұл – бұл басқару философиясының өзгерісі.

Аталған өзгерістің тереңдігін референдум нәтижелері де айқын көрсетті. Азаматтардың белсенді қатысуы, еркін таңдау жасауы халықтың мемлекет, қоғам өміріндегі шешімдерге қатысуға дайын­ екенін дәлелдеді. Бұл құбылысты тек элек­торалдық белсенділік ретінде бағалау жеткіліксіз, оны ұлттық саяси мәдениеттің сапалық өсуі ретінде қарастыру қажет.

Сонымен қатар жаңа Конституцияны «Халықтық» деп атаудың мазмұндық негізі де бар. Оның жобасы тек институционал­дық элитаның шеңберінде емес, кең қоғам­дық талқылау барысында, әртүрлі әлеумет­тік топтардың ұсынысы мен пікірлері ескеріле отырып қалыптасты. Бұл өз кезегінде құжаттың легитимділігін күшейтіп қана қоймай, оның нормаларының қоғамдық қабылдануын қамтамасыз ететін маңызды факторға айналды. Дегенмен кез келген конституциялық өзгерістің шынайы құндылығы оның мәтінінде емес, оны іске асыру механизмдерінде көрініс табады. Сондықтан реформалардың ең жауапты кезеңі басталды. Мемлекет басшысы қол қойған Жарлық осы үдерістің институционалдық негізін айқындап, нақты бағыттары мен кезеңдерді белгіледі.

Алдағы уақытта Парламенттің алдында ауқымды заңнамалық жұмыс тұр. Бірқатар конституциялық заңның қабылдануы арқылы жаңа басқару моделі нақты құқықтық нормалармен бекітіледі.

Негізгі құжатта айрықша назар аударатын мәселе – жастардың рөлі. Олар­дың елдегі реформаға белсенді қатысуы тек бақылаушы емес, елдің болашағын айқындайтын толыққанды субъект екенін дәлелдей түсті.

Жаңа Ата заң – ұлттық сананың жаң­ғыруының көрінісі, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімнің жаңа деңгейі әрі ұзақмерзімді дамудың институционалдық кепілі. Алайда оның шынайы құндылығы біздің оны қалай іске асыратынымызға тікелей байланысты.

Наталья ДЕМЕНТЬЕВА,

Мәжіліс депутаты

Соңғы жаңалықтар

Қазақы тағамның қасиеті

Экономика • Бүгін, 08:53

Атыраудағы бірегей зауыт

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?

Сараптама • Бүгін, 08:48

Көлік кептелісі шектен шықты: Әрбір жүргізуші жылына кемінде 50 сағат көшеде қаңтарылып тұрады

Қоғам • Бүгін, 08:45

Технология мен ғылымды тоғыстырған

Ғылым • Бүгін, 08:43

Алматы Кремний алқабына айнала ма?

Ғылым • Бүгін, 08:40

MIT-ке қабылданған оқушы

Білім • Бүгін, 08:38

Жазата жеткізген жәдігер

Жәдігер • Бүгін, 08:35

Берекенің бесігі

Көрме • Бүгін, 08:33

«Алтын ғибадатханада» күйреген сенім

Әдебиет • Бүгін, 08:30

Актер шындығы қайда жоғалды?

Өнер • Бүгін, 08:28

Сәулелі кеңістіктің секемшіл суреті

Әдебиет • Бүгін, 08:25

Нөкерсіз жүрген, нөсерге төзген

Тұлға • Бүгін, 08:23

Тасқынға тастүйін дайындық

Су тасқыны • Бүгін, 08:20

Тағдырын таныған таланттар

Әдебиет • Бүгін, 08:18

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью