Келесі жылы арнайы салық режиміне өту үшін не істеу қажет

23.12.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне және арнайы салық режимдеріндегі өзгерістерге байланысты оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан 1 наурызға дейін салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Салықшылардың бұл үндеуі қазіргі уақытта:

оңайлатылған декларация негізінде,

бөлшек салық режимінде,

тіркелген шегерім қолданылатын режимде жұмыс істейтіндерге қатысты.

Хабарламаны тапсырған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап осы режимді қолданушы болып есептеледі.

Хабарламаны беру жолдары (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап):

Салық төлеушінің кабинеті (ИСНА) арқылы → "Құжаттарды тапсыру" → "Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама" (ЭЦҚ-мен);

E-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы;

ірі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;

қағаз түрінде – орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына.

Хабардар ету үшін Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа Салық төлеушінің кабинетіне қадамдық нұсқаулықпен бірге push-хабарлама жібереді.

Егер өтпелі кезеңде салық салу режимі таңдалмаса және хабарлама ұсынылмаса, жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне автоматты түрде көшіру мүмкін.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью