Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Бүгін Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдері вице-министрден еліміздің жүргізушісіз көлік режимін іске қосуға дайындығын сұраған еді.
— Қазір бұл тосынсыйды ашқым келіп отырған жоқ. Біз оны барынша толыққанда пилоттық іске қосқаннан кейін келесі жылға дайындап жатырмыз. Өздеріңіз де байқағандай, оны адамдар көлік жүргізіп үйренетін автоХҚО-лар аясында жасадық. Келесі жылы қаланың өзге учаскесінде жүргізушісіз автомобильді пилоттық режимде іске қосуды жоспарлап отырмыз, — деді Дмитрий Мун.
Бұған дейін вице-министр Instagram парақшасында Астанада жүргізушісіз автомобильдің қыс уақытында сынақ режимінде іске қосылғанын көрсеткен еді.
Айта кетелік Дохада жүргізушісі болмайтын такси іске қосылғаны туралы жазған едік.