Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Келесі жылы республикалық бюджеттен өңірлерге бөлінетін қаржының көлемі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлының айтуынша, өңірлерге жыл сайын қазынаның төрттен бір бөлігі немесе 7,4 трлн теңге жіберілетін болады.
"Өңірлерге жіберетін барлық қаражат – ең алдымен халыққа арналады. Бұл үйлердегі су мен жылу, жақсы жолдар, мектептер мен ауруханалар, газдандыру және коммуналдық инфрақұрылым. Біздің міндетіміз – халықтың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау", - деді Бейсенбекұлы Құрылтайдағы отырыста.
Оның айтуынша, бүгінде өңірлер салықтың 12 түрін өздері жұмсайды. Соның арқасында жергілікті бюджеттерге соңғы жылдары 7,3 трлн теңге түскен.
"2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірлердің өз кірістері 9,3 трлн теңгегежетті, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 16,3 пайызға артық", - деді вице-министр.