Келісім мен тұрақтылық темірқазығы

04.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Шымкент қаласындағы Жұмабек Тәшенов атындағы университетте еліміздің жаңа Конституциясын қолдауға арналған басқосу өтті.

Университет профессор-оқытушылар мен студент жастар қатысқан кездесуде Шымкент қаласы әкімінің орын­басары Сәр­сен Құранбек консти­туция­лық рефор­малардың маңы­зын атап өтті. Талқы­лаудың жоғары деңгейде ұйымдас­тыры­­луына университеттің бас­қарма төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Оңал­бай Аяшұлы ықпал етті. Университет ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Қанат Байболов жүргізген жиын барысында 15 наурызда өтетін республикалық референдум аясында жаңа Конституция жобасы жан-жақты талқыланды. Алғаш болып сөз алған Қазақстан Республикасының құрметті
судьясы, Ардагерлер ұйымының төралқа мүшесі, Ж.Тәшенов атындағы университеті құқық және бизнес кафедрасының профес­соры, заң ғылымдарының докторы Бекет Тұрғараев Конс­ти­туцияның мемле­кеттік страте­гиялық даму бағытын айқын­дайтын басты құжат екеніне тоқталды.

 – Конституция – ел да­муының темірқа­зығы. Жаңа Конс­титуцияда адам капиталын дамытуды басты бағыты ретінде айқындайды. Бүгінгі жаңару үдерісі – уақыт сұранысынан туындаған заңды қадам. Білім, ғылым, мәдениет және инно­вация салаларына ерекше мән беріліп, ұлттық мәдениет­ті қолдау мен тарихи-мәдени мұраны сақтау конституциялық қағидат деңгейіне көтерілді. Бұл мемлекеттің болашағы табиғи ресурстарға ғана емес, ең алдымен білімді, зияткерлік әлеуеті жоғары азаматтарға сүйенетінін көрсетеді, – деді Б.Тұрғараев.

Ал университеттің вице-ректоры, заң ғылымдарының кандидаты Жанар Рыс­бекова Конституция құқық үстемдігінің кепілі екенін атап өтті.

– Жаңа өзгерістер азаматтар­дың құ­қық­тары мен бостандықта­рын қорғауды күшейтіп, әділетті қоғам құруға нақты тетіктерді ұсынды. Сонымен қатар Ата Заңда неке ерікті түрде ер мен әйел­дің одағы ретінде бекітілуі – отбасы институтын нығайтуға және дәстүрлі құндылықтарды қорғауға бағытталған маңызды қадам, – деді вице-ректор.

Сонымен қатар экономика және құқық факультетінің деканы, экономика ғылымдарының кан­дидаты Әлмара Еркінқызы эко­номикалық тұрақтылық пен әлеу­меттік әділеттілікті қамта­масыз ету мәселелеріне мән берді. Құқық және бизнес кафед­расының меңгерушісі, заң ғы­лымдарының кандидаты Нұр­лан Рафханұлы құқықтық мәдениет­тің маңы­зын айқындады. Ол құқық­тық мемлекет құру ортақ жауап­кер­шілік екенін және заңды құрмет­теу мен оны бұлжытпай орын­дау қоғам дамуының басты шарты екенін айтты. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Жазушы­лар одағы­ның мүшесі, жазушы Зылиха Жан­тасова Конституциядағы аза­мат­тардың құқықтары мен аза­мат­тық болмыс, білім мен ғы­лым, отбасы құндылықтары жайын­да баяндады. «Қазақстан – заң­ға сүйенген, білімге ұмтылған, ғы­лым­ды дамытқан, ана тілін қа­дір­леген ұлттың қолында», деді жа­зу­шы. Студенттік прорек­тор Шұғыла Ибра­гим жастар үшін Конс­титуция мүмкін­дік пен жауап­кер­шілік құжаты екенін жеткізді.

Кездесу барысында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы қолданыстағы Консти­туцияның Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы кезеңін­де елдегі қоғамдық келісім мен сая­си тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарғанын атап өтті.

– Ата Заң осы уақытқа дейін өзіне жүктел­г­ен тарихи миссияны толық орын­дады. Қазіргі кезеңде қоғам мен мемле­кеттің даму талаптарына сай, мемлекет­тілікті одан әрі нығайтып, заманауи сын-қатерлерге жауап бере алатын жаңа Конституция қабылдау қажеттілігі туындап отыр, – деді Сәрсен Абайұлы.

Сондай-ақ ол жаңа Конститу­ция жобасында ұлттық мүдде мен ұлттық ерекшеліктерге айрықша мән берілгенін саралады. Оның айтуынша, құжатта әділеттілік пен теңдік қағидаттарын басшы­лыққа алатын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды нормалар көзделген.

Басқосу қорытындысында университет профессор-оқыту­шылар құрамы мен студенттер қауымы атынан филология ғылымдарының кандидаты Ләззат Әбенова республикалық референдумды қолдауға арналған Үндеуді жария етті.

Үндеуде «Бүгінгі міндет – Ата Заңда нақтыланған құн­дылықтарды күнделікті өмір салтына айналдыру. Білімді ұрпақ тәрбиелеу, ғылымды дамыту, цифрлық трансформа­цияны ілгерілету, жер мен елге адал қызмет ету – осының бәрі Конституциялық қағидаттармен сабақтас.

Біз, Жұмабек Тәшенов уни­верситетінің про­фессор-оқы­тушылары мен студент-жас­тар қауымы Конституция қағи­даттарын тірек ете отырып, Жаңа тарихи кезеңде бір мақсат, бір мүдде, бір жауапкершілік­пен әрекет етіп, Әді­летті, Зият­кер, Қуатты Қазақстанды бірге құрайық!» делінген.

 

ШЫМКЕНТ

Соңғы жаңалықтар

Рудныйда екі жасар бүлдіршінді көлік қағып кетті

Оқиға • Бүгін, 09:03

«E-қызмет»: халықаралық жоғары баға

Саясат • Бүгін, 09:00

Жалпыұлттық коалиция – Абай өңірінде

Референдум • Бүгін, 08:58

Азаматтардың сенімін арттыратын ұсыным

Саясат • Бүгін, 08:55

Жастар – өзгерістің тың күші

Жастар • Бүгін, 08:53

Келісім мен тұрақтылық темірқазығы

Қоғам • Бүгін, 08:50

Табыс неге азайды?

Экономика • Бүгін, 08:48

Қарызсыз қоғам: қаржы сауаты қай деңгейде?

Қоғам • Бүгін, 08:45

Риелторлар нарығына реформа керек

Қоғам • Бүгін, 08:43

Іскер болмай, ілгерілеу жоқ

Экономика • Бүгін, 08:40

Қазақстан – сақтандыру шешімдерінің көшбасшысы: Сала нарығы 1,7 трлн теңгені құрады, алайда климаттық қатер шығыны әлі де мемлекеттік бюджетке жүктеліп отыр

Қоғам • Бүгін, 08:38

ЖИ-ді оқу жүйесіне енгізу жеделдейді

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:35

Көпдеңгейлі тілдік модель

Digital • Бүгін, 08:33

Инженерлік білім – ел болашағының берік негізі

Білім • Бүгін, 08:30

Игілігі мол интеллектуалды жобалар

Digital • Бүгін, 08:28

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью