Келісуге болады деп үміттенемін СІМ басшысының орынбасары Мақсат Дүйсеновті Германиядан экстрадициялау туралы

28.05.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновті экстрадициялау мәселесіне қатысты пікір білдірді. Ол 2025 жылдың қыркүйегінде Германияда ұсталған болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновті экстрадициялау мәселесіне қатысты пікір білдірді. Ол 2025 жылдың қыркүйегінде Германияда ұсталған болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Күні кеше Германияның күдіктіні тапсырудан себебін түсіндірместен бас тартқаны белгілі болды. Мәжіліс кулуарында Бақаевтан СІМ Дүйсеновті экстрадициялау бойынша жаңа сауалдар жолдай ма деп сұрады.

"Жалпы, біз мұндай жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Әрине, мемлекеттердің мұндай құқығы бар (қылмыс жасады деген күдіктіні бермеу - ескерт.). Біз де шетелдік азаматтарды экстрадициялаудан бас тартуға құқылымыз. Дегенмен, әрекет етіп, жұмыс жүргізіп жатырмыз. Келісе аламыз деп үміттенемін", - деді Әлібек Бақаев.

Ол сондай-ақ барлық процедура Германия мен Қазақстанның заңнамасы, сондай-ақ екі ел арасындағы қолданыстағы келісімдер аясында өтетінін атап өтті.

Мән-жайы

2025 жылдың тамыз айының соңында Алматы қаласы Алмалы аудандық полициясы прокуратураның бастамасымен Мақсат Дүйсеновке қатысты іздеу ісін қозғады. Дәл сол кезде оған іздеу жарияланды.

Қыркүйек айының соңында Германияның құқық қорғау органдары Дүйсеновті ұстады.

2026 жылғы 21 мамырда Германияның өткен жылдың қыркүйегінде ГФР-да ұсталған бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновті Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартқаны хабарланды.

Ведомство Дүйсеновке іздеу салу тоқтатылмағанын, қылмыстық қудалау жалғасып жатқанын, сондай-ақ іс бойынша мән-жайларды анықтау, соның ішінде шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасау шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью