Кең тынысты көркем сурет

04.08.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Сахи Романовтың шығарма­шылығы мазмұн тереңдігімен және айқын ұлттық сипатымен ерекшеленеді. Суреткер туындыларына бейнелі ойдың эпикалық кең тынысы, жоғары кескіндемелік шеберлік пен адам болмысын терең танып-білуге негізделген айрықша тереңдік тән.

Премьер-министр орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көрменің ашылуы­на орай құттықтау хатын жолдады. Құттықтауда Сахи Рома­новтың қазақ бейнелеу өнерінің, ұлттық кескіндеме мен графиканың дамуына сүбелі үлес қосқаны туралы айтылған.

«Сахи Романов – қазақ бейнелеу өнерінің көркемдік өрісін кеңейтіп, ұлттық кескіндеме мен графикада айрықша қолтаңба қалдырған дара суреткер. «Дала симфониясы» – суретшінің бай мұрасын жаңаша зерделеуге, шығар­машылық ізденістерінің ауқымын саралауға және кейінгі ұрпаққа танытуға мүм­кіндік беретін маңызды мәдени оқиға деп білемін», делінген құттықтау хатта.

Экспозицияға музей қо­рындағы және суретшінің отбасы сақтаған туындылар қойылған. Олардың қатарында «Шопанның отбасы», «Жер туралы декрет», «Отан аспаны аясында», «Бұғаудан босау» секілді шығармалар бар.

Сахи Романов кескіндеме, графика және кино саласында жемісті еңбек етті. 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын тәмамдағаннан кейін «Қазақ­фильм» киностудиясында қызмет атқарды. Ол «Өмір жолы», «Алдар көсе», «Ән қанаты» және «Құлагер» фильмдерінің жарыққа шы­ғуына атсалысты.

1967 жылы Сахи Романовқа Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, ал 1981 жылы Қазақ КСР-нің халық суретшісі құрметті атақтары берілді. Көрме Сахи Романовтың шығар­машылық мұрасы мен ұлттық өнердің өркендеуіне қосқан еңбегін жан-жақты танытады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью