Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, кенелердің белсенділігі ауа температурасы мен ылғалдылығына тікелей байланысты.
- Кенелер +3+5 градус шамасындағы ауа температурасында ояна бастайды, ал +15 градустан жоғары болса, белсенділігі күрт артады. Ұзақ мерзімді бақылаулар көрсеткендей, кене шағудың қауіпті кезеңі сәуірден қыркүйекке дейін созылады, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Шығыс Қазақстан республикада кене энцефалитін жұқтыру қаупінің жоғары аймағына жатады. Өңірде аурушаңдық деңгейі Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 4,1 есе жоғары.
- Тұрғындарға табиғат аясына шыққанда қорғаныс киімдерін киіп, репелленттерді пайдалануды ұсынамыз. Егер сізді кене шағып алса, бірден дәрігерге барыңыз, - деп ескертті эпидемиологтар.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыда кенелерге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары басталғаны хабарланған.