Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Ақмола облысында кене шағып алған жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жасөспірімнің қазіргі жағдайы ауыр, дейді дәрігерлер.
"17 жастағы науқасқа кене вирустық энцефалиті диагнозы қойылған. Жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр, сана деңгейі бұзылған деп бағаланып отыр", - дейді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасында.
Дәрігерлер баланың өмірін аман алып қалу үшін барынша күресіп жатыр, дейді басқармада.
Кене энцефалиті – орталық жүйке жүйесін зақымдайтын вирустық ауру.