Кенеден қалай қорғануға болады маман кеңесі

08.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

— Күннің жылынуына байланысты, әсіресе табиғат аясында кенелерге тап болу қаупі артады. Қазақстанда жұқтыру қаупі жоғары 7 эндемиялық өңір анықталған: Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстары, сондай-ақ Абай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аудандары, — делінген министрлік хабарламасында.

Кене энцефалиті — кененің шағуы арқылы берілетін вирустық ауру, ол ми мен жұлынды зақымдауы мүмкін. Ауыр жағдайларда бұл дерт күрделі асқынуларға әкелуі ықтимал, сондықтан дер кезінде қорғану шараларын қабылдау маңызды.

Қазір эпидемиологиялық жағдай тұрақты:

• ауру жағдайлары тіркелмеген;
• кене шағуына байланысты 478 адам медициналық көмекке жүгінген, оның ішінде 232-сі — балалар;
• зардап шеккендердің басым бөлігі (97%) қажетті профилактикалық көмек алған.

Елде маусымға дайындық алдын ала жүргізіліп жатыр:

• қауіп топтарын вакцинациялау жалғасып келеді (5 845 адам егілді);
• вакциналар мен иммуноглобулиннің жеткілікті қоры бар;
• Алматы, Алматы және Жетісу облыстарында кенеге қарсы өңдеу жұмыстары басталды.

Кене шағуына қарсы қандай профилактикалық шаралар бар?

— Вакцинациялау — ең сенімді қорғаныс тәсілі (алдын ала жоспарлаған жөн);
— Киім — жабық, ашық түсті, жеңі тығыз манжеталы болуы тиіс;
— Репелленттер — кенелерге қарсы арнайы құралдарды пайдалану;
— Табиғаттағы мінез-құлық — биік шөптерден аулақ болу, өзіңізді және балаларды үнемі тексеріп отыру;
— Қауіпсіз тамақтану — сүтті міндетті түрде қайнатып ішу.

Егер кене теріге жабысып қалса, сабыр сақтап, дұрыс әрекет ету қажет:

— кенені пинцет немесе жіп көмегімен абайлап алып тастау;
— шағу орнын антисептикпен өңдеу;
— мүмкіндігінше кенені зертханаға талдауға тапсыру;
— міндетті түрде дәрігерге қаралу — қажет болған жағдайда 72 сағат ішінде иммуноглобулин енгізіледі.

Осыдан бұрын Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастағанын жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью