Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
— Осы күндері Сәкен Сейфуллиннің «Кеңсе тілі қазақша болмай іс оңбайды» деген сөзін арасында әлеуметтік желіде келтіргенді көріп жүрміз. Дұрыс. Бірақ, қазақ тілі кеңсе тіліне айналуы үшін ең алдымен заңдарымыз, әсіресе Ата Заңымыз мемлекеттік тілде дұрыс, түсінікті, ұғынықты жазылуы тиіс, — деді Ерлан Қарин.
Оның пайымдауынша, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру тіл мәселесін ту етіп ұрандатудан емес, көзге көріне бермейтін, күнделікті, тыңғылықты шаруаны талап ететін маңызды, күрделі жұмыстан басталады.
— Жаңа Конституцияның «Конституциялық құрылыс негіздері» деп аталатын І бөлімінің 3-бабындағы «жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын орнықтыру» деген негізгі қағидат осыны білдіреді, яғни, мұндай елдік істерге ақылмен, сындарлы көзқараспен, нақты жұмыспен, жасампаздықпен кірісу маңызды, — деді Мемлекеттік кеңесші.
Айта кетейік, жаңа Конституцияның жобасын түрлі мекемелер, ұжымдар талқылап жатыр.
Бұдан бұрын Ерлан Қарин Конституциямыз ел тарихында тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып жатқанын айтты.