Кеншілер әулеті елдегі үздік еңбек династияларының бірі деп танылды

29.12.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Астанада Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өткен «Еңбек жолы – 2025» республикалық байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Марапат иелері қатарында Қарағанды облысының өкілдері де бар. Шахтинск қаласынан шыққан Волокитиндер әулеті елдегі үздік еңбек династияларының бірі ретінде танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл әулеттің шахтадағы еңбек жолы өткен ғасырдың 1950-жылдарынан бастау алады. Бүгінде Волокитиндер әулетінің үшінші буыны кен өндірісінде еңбек етіп келеді. Әулеттің жалпы еңбек өтілі 350 жылдан асады. Отбасының 12 мүшесі жұмысшы мамандықтарын таңдаған. Олардың қатарында электрслесарьлар, монтажшылар, ұңғымашылар, табельшілер, қауіпсіздік диспетчерлері мен тау-кен шеберлері бар.

Қазіргі таңда Qarmet компаниясына қарасты Ленин атындағы шахтада бір мезетте әулеттің бес өкілі қызмет атқаруда.

Волокитиндер әулеті туған қаласы Шахтинскіде бірнеше мәрте «Жыл шахтері» сыйлығына ие болған. Сонымен қатар отбасы облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы атанған.

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда жаңа көпбейінді аурухана салынып жатыр

Аймақтар • Бүгін, 13:46

Брижит Бардо 91 жасына қараған шағында өмірден озды

Оқиға • Бүгін, 13:30

Трамп пен Зеленский Флоридадағы кездесуде қандай келісімдерге қол жеткізді?

Әлем • Бүгін, 13:15

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астана мен Алматыда қандай іс-шаралар өтеді?

Елорда • Бүгін, 13:00

Ел экономикасына тартылған инвестиция 6 млрд долларға жетті

Экономика • Бүгін, 12:52

Футзалдан Қазақстан кубогінің иегері анықталды

Футбол • Бүгін, 12:50

Ақтауда түнде автокөлік өртенді

Төтенше жағдай • Бүгін, 12:43

Атырау облысында жыл ішінде санавиациямен 243 науқасқа көмек көрсетілген

Аймақтар • Бүгін, 12:35

Биыл рақымшылық жасау заңы аясында 338 адам жазадан босатылды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:32

Алматы облысында жаңа клиника жұмысын бастады

Медицина • Бүгін, 12:25

Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді

Президент • Бүгін, 12:16

Ауруханадағы 1040 қызметкердің жалақысы төленбеген

Қоғам • Бүгін, 12:11

БҚО-да биыл 6 мектеп күрделі жөндеуден өтті

Аймақтар • Бүгін, 12:00

«Қайрат» Анарбековты сата ма? Клубтың соңғы шешімі белгілі болды

Спорт • Бүгін, 11:53

Криштиану Роналду 1000 гол межесіне жете ала ма?

Футбол • Бүгін, 11:42

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью