Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Өмір бойы регресс төлемдерін тек бюджеттен қаржыландыру мүмкін емес, сондықтан аралас модель қарастырылып жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Depositphotos
Министрдің айтуынша, регресс төлемдері мәселесі жиі кәсіподақтар тарапынан көтеріледі, осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылып, өмір бойы төлемдерді қамтамасыз ету жолдары талқыланып жатыр.
«Барлығын тек бюджеттен төлеу мүмкін емес. Мұнда сақтандыру компаниялары, жұмыс берушілер және зейнетақы қоры қатысуы тиіс. Әрине, бюджет те араласуы керек. Біз дәл осы аралас моделді ұсынып отырмыз», деді Аскарбек Ертаев.
Министр сондай-ақ жұмыс берушілер мен сақтандыру компаниялары балама ұсыныстарын дайындау үшін қосымша уақыт сұрағанын айтты. Бірінші кездесу кәсіподақтар, жұмыс берушілер және сақтандыру компаниялары арасында өтті, екінші кездесу осы аптада жоспарланған.
Сақтандыру компаниялары мен жұмыс берушілердің есептері ай соңына дейін ұсынылуы тиіс. Еңбек министрлігінің дерегінше, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы соңғы есеп нұсқасын дайындаған, алайда ведомствоға әлі түспеген.
Жұмыс тобы кейін бұл мәселені Үкімет деңгейіне шығарып, біртұтас шешім қабылдауды қарастырады, әзірге нақты келісім жоқ.
Регресс төлемдері – қызметкерге еңбек міндеттерін орындау барысында (өндірістік жарақат немесе кәсіптік ауру) келген денсаулыққа зиян үшін төленетін қаржылық өтемақы.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда еңбек өтіліне байланысты ерте зейнетке шығуды енгізу ұсынылған.
Соңғы жаңалықтар
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Президент • Бүгін, 15:27
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Елорда • Бүгін, 15:18
Екатеринбург – Астана рейсіндегі оқыс оқиға: Жолаушының әрекетіне құқықтық баға беріледі
Оқиға • Бүгін, 15:13
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58