Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Әсіресе, Уәлиханов, Логинов және Сейфуллин көшелерінің кей бөліктерінде көлкіген су жүргіншілер мен жүргізушілерге қолайсыздық туғызды. Аталған аумақтарда «Ащысай Су» мекемесі тарапынан 3 экскаватор мен 3 бригада тартылып, жөндеу және тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Байтұрсынов және Құралбаев көшелерінде де қозғалыс уақытша қиындады. Бұл аумақтарға қосымша 4 техника жеткізілді және су сору мақсатында 4 мотопомпа іске қосылып, 2 бригада көмекке келді.
Фото: Видеодан алынған скрин– Сонымен қатар «Жасыл қала» мекемесі тарапынан қажетті техникалар жұмылдырылып, 120 жұмысшы қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етілді. Су алу қаупі бар аумақтарда лотоктар мен арықтардағы жауын суының еркін ағуын қамтамасыз ету, тазалау және бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр, – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Бұдан бөлек, кіші Ясауи көшесі (Қазына сауда орталығы маңы), Төле би мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысы, Бүргем шағынауданы, сондай-ақ Кентау-Қарнақ және Кентау-Түркістан автожолдары бойындағы ірі су өткелдерінде су деңгейінен көтеріліп, арнасынан тасыған.
Фото: Видеодан алынған скринАталған аумақтарда жедел шаралар қабылданып, нәтижесінде су арналары ретке келтіріліп, туындаған зардаптар толықтай жойылды.
Бұдан бұрын Түркістан облысында су арнасынан аудандық маңызы бар жолға қауіп төніп тұрғанын жазған едік.