Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен тілсіз жау жедел түрде ауыздықталды.
Фото: Түркістан облысының әкімдігі— Оқиға салдарынан 1 адам қаза тапты. Тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді, олардың 2-еуі жансақтау бөлімінде жатыр. Олар толық медициналық бақылауда, — делінген облыс әкімдігі таратқан ақпаратта.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров оқиға орнына барып, жауапты қызмет өкілдерімен жедел кеңес өткізіп, жағдайды жеке бақылауына алды. Жедел штаб құрылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұдан бұрын Түркістан облысындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде газ жарылысы болғанын жазған едік.