Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Әлеуметтік желіде тараған видеоларға қарағанда, қала көшелерінде көлкіген су жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге қолайсыздық туғызған.
Фото: Кентау әкімдігіОблыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 сәуір күні сағат 15:30-16:30 аралығында нөсер жауынның салдарынан қаланың кейбір аумақтарында су деңгейі 10-25 см-ге дейін көтерілген.
Фото: Кентау әкімдігі– Алдын ала мәліметке сәйкес, қала аумағындағы 23 аула, 13 көше, инфекциялық аурухананың жертөлесі және 1 жер үйді су басты. Шахтерская көшесі, 137-үйде қабырғаның құлауы тіркелді. Зардап шеккендер жоқ, – делінген ведомство ақпаратында.
Қазіргі таңда оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті коммуналдық қызметтер суды сору және бұру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұл жұмыстарға ТЖД күштерінен 70 жеке құрам, 6 техника және 14 мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардан 17 қызметкер және 3 мотопомпа, «Ащысай Су» мекемесінен 10 қызметкер және 2 мотопомпа, сондай-ақ «Жасыл Кентау» ЖШС-нен 30 қызметкер және 3 мотопомпа жұмылдырылған.
Бұдан бұрын биыл ақпан айында Кентау қаласында жаңбырдан кейін көшелерді су басқанын жазған едік.
Фото: Кентау әкімдігі Фото: Кентау әкімдігі Фото: Кентау әкімдігі