Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Алматыдағы Саин көшесінде, дәл жол үстінде төбелес болды. Жүргізушілер арасында жанжал шыққан. Оқиғаның видеосын полиция тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматыдағы Саин көшесінде, дәл жол үстінде төбелес болды. Жүргізушілер арасында жанжал шыққан. Оқиғаның видеосын полиция тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Саиндағы кептеліс"Әлеуметтік желілерде видео тарады, ол 24 маусымда Саин көшесіндегі кептеліс кезінде түсірілген.
Кадрлардан бірнеше шақырымға созылған кептелістің ортасында бірнеше ер адамның дәл жол үстінде төбелесіп жатқанын көруге болады. Онда екі адам біреуін ұстап тұрғаны көрінеді.
Көп ұзамай оқиға орнына басқа жүргізушілер мен жолаушылар келеді. Бірі төбелесті тоқтатуға тырысса, енді бірі жанжалға араласқан..
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Төбелестен бөлек, бейнежазбаға жол қозғалысы ережелерін жаппай бұзу дерегі де түсіп қалған. Кейбір жүргізушілер кептелісті айналып өтпек болып автобус жолағына шығып кетсе, кейбірі жол үсітне тоқтап, келесі бетіне өтіп жатқаны байқалады.
Желі қолданушыларының реакциясыЖелі қолданушылары бұл жазбаға қызу реакция білдірді. Пікір қалдырушылардың бір бөлігі бұл видео осы учаскедегі барлық мәселені айқын көрсетіп бергенін жазып жатыр.
"Жол ережесін бұзу, жол апаттары, төбелес пен кептеліс – бәрін бір жерге жинаған мінсіз видео болыпты". "Жаңа жолақтардағы алғашқы төбелес, бастамасы құтты болсын". "Автобустар арнайы жолақпен жүре алмай жатыр. Себебі ол жақта да кептеліс".Анықтама: 20 маусымнан бастап Алматыдағы Саин көшесінде Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі аралықта қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақ іске қосылған болатын.
Алматы полициясы не дейді?Бұл арада Алматы Полиция департаменті бейнежазбаға түсіп қалған төбелес дерегі бойынша тексеру басталғанын хабарлады.
Қазір құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті бұзушыларды іздестіріп жатыр.
"Аталған дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы, сондай-ақ қатысушылардың жеке басы анықталып жатыр. Олардың әрқайсының әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Тексеру нәтижесі бойынша заңда қарастырылған шаралар қабылданады", – деп хабарлады ведомство.
Полиция жүргізушілерді сабыр сақтауға, эмоцияға берілмеуге және жолдағы кез келген даулы жағдайды тек құқықтық аяда шешуге шақырды. Ведомство өкілдері агрессия көрсету мен күш қолдануға жол берілмейтінін және бұл үшін заңда көзделген жауапкершілік бар екенін қадап айтты.
Бұған дейін 25 маусымнан бастап Алматының Алмалы ауданындағы үш учаскеде пилоттық режимде біржақты қозғалыс енгізілетіні белгілі болған. Өзгерістер Прокофьев (Абайдан Кіші Абайға дейін), Кіші Абай (Прокофьевтен Брусиловскийге дейін) және Түркебаев (Сәтпаевтан Төле биге дейін) көшелеріне қатысты болады.
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Алматыда тағы бірнеше көше біржақты болады
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу