Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова азық-түлік бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Желіде келесі айдан бастап азық-түлік қымбаттайды деген болжам тарады. Вице-министр ондай жорамалдармен келіспейді.
"Әдетте жазда баға төмендейді. Себебі көкөніс піседі, жеміс-жидек көп келеді. Сосын адамдар жеңіл тамақ жей бастайды, қыста сияқты емес. Сондықтан жазда, керісінше, баға түседі. Оны қазір де байқауға болады", - деді Күшікова.
Айта кетері, министрлік аймақтық бағаға ең көп әсер ететін негізгі 63 сауда орнын анықтап, бақылауға алған болатын.