Кеш үйленсем де, Құдай сұраған әйелімді берді... : актер Жанатбек Бәйтеков жан сырын ақтарды (видео)

11.05.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Актер Жанатбек Бәйтеков «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Отыз жастан асқанда шаңырақ көтерген актер бүгінде көпбалалы әке атанғанын, бақытты өмір сүріп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар арманындағы арумен отбасын құрғанын айтты.

«Жазда Қазақстанды аралап қайттым. Көлігім жеті орындық болатын. Балалар бар, жүгіміз бар, сыймай жатырмыз. Сыюдың қамын жасап, бәрін реттеп жатырмын. «Құдай менің сұрағанымды берді. Бетің бар, жүзің бар деп айта салмайтын әйел берсе екен деп тілеген едім. Содан кейін көпбалалы әке болсам деген арманыма да жеткізді. Көлікке сыймай жүрсек деген арманыма де жеттім» деп айтып жатырмын балаларыма. Сонда қызым «Әке, сол кезде үлкендеу машина сұрамаған екенсің» деп айтты», - дейді актер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью