Кешенді жоспардың жобасы мақұлданды

23.01.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Үкіметте вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен 2026–2028 жылдарға арналған көлең­келі экономикаға қарсы кешенді іс-қимыл жоспарының жобасы қаралды.

Сурет: inbusiness.kz

Құжат көлеңкеге ығысу қаупі жо­ғары денсаулық сақтау мен әлеу­меттік қызметтер, сауда, білім беру, құрылыс пен ауыл шаруашылығы сияқты бес негізгі саланы қамтиды. Бұл ретте жос­парды әзірлеу кезінде бизнес үшін жаңа міндеттер енгізу немесе реттеуді қатаңдату шаралары алынып тасталды.

Болжамды көрсеткіштерге сәйкес, «ІЖӨ-дегі бақыланбайтын экономиканың үлесі» нысаналы индикаторын биыл 14,5%-ға, келесі жылы 14%-ға, 2028 жылы 13,8%-ға төмен­дету жоспарланып жатыр. Кешен­ді жоспар төрт негізгі блоктан және 30 іс-шарадан тұрады. Олар – тауар өндірісі, қызметтер өнді­рі­сі, фискалдық әкімшілендіруді жетіл­діру мен заңсыз әрекетке қарсы тұру.

Сауда саласындағы «сұр» импорт көлемін азайтуға ерекше назар аударылып отыр. Өйткені одан нарық­қа адал жолмен қатысатындар зардап шегіп жүр. Сауда және интеграция министрлігіне бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, теріс жолмен әкелінетін тауарлар номенклатурасын айқындау, Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, өркениетті нарықты қорғау шараларын әзірлеу тапсырылды.

Жоспарды жүзеге асыруда цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект құралдары маңызды рөлге ие болады. Іс-шаралардың орындалуын бақылау мен мониторинг жасау Smart Data Finance АЖ-ның цифрлық платформасы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Барлық іс-шараларды жүзеге асыру тиісті салалардағы салық түсімінің өсуін қосқанда, цифрландыруға, ЖИ модельдерге, өлшенетін KPI-ға баса назар аудара отырып, бірлескен жол карталары мен жұмыс топтары шеңберінде жүргізіледі.

Кешенді жоспардың жобасы мақұлданды. Белгіленген рәсімдер жасалғаннан кейін Үкімет оны одан ары жүзеге асыру үшін қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Бүгін, 07:40

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 07:30

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • Кеше

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью